Ол оралды!
Бейбіт Ыстыбаев Жетісайда қарсылас шыдатқан жоқ Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласында Қазақстан Республикасының қазақ күресінен еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Жаңбырбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен ашық турнир өтті. Дүбірлі додаға Қырғыз, Өзбекстан мемлекеттерінен және еліміздің барлық облысынан кіл мықты балуандар қатысып, жүлдені сарапқа салды. Айтулы аламанда қарсыластарын алып та, шалып та жыққан жамбылдық балуандар жүлденің алдын бермеді. Түйе балуандар сынында өзін жақсы қырынан көрсеткен 2012 жылғы «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев топ жарса, Жасұлан Әбішев екінші орынға, Аманғали Жартыбаев үшінші орынға ие болды.
Бұдан бөлек, 90 келіге дейінгі мықтылар сынында да жамбылдықтардың жұлдызы жанды. Бұл санатта Бегімхан Әділбеков үздік үштіктен көрінді. Осылайша жамбылдық жігіттер Жетісай төрінен жүлдені күреп әкелді. Алда «Қазақстан барысы» мегажобасы жақындап келе жатқанын ескерсек, Бейбіт Ыстыбаев бастаған баһадүрлеріміздің аяқ алысы көңіл қуантады.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
- 16 қыркүйек, 2025
Қазақстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды
- 16 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді