Бүгінде тәрбие ісі бағзы бір кездердегідей емес, босаңсып кеткендей. Баспасөз беттерінен жастар бұзақылығына қатысты мақалаларды оқығанда, еріксіз бас шайқайсың. Бұл біздің де жанымызға батады. Бұған кім кінәлі? Біздіңше, мұның бірнеше себептері бар. Ең бастысы, ұлттық тәрбие, болмысымыздан көз жазып қалғандаймыз. Теледидардан күнде көрсетілетін атыс-шабыс пен бейәдеп көріністердің жастар санасын улайтыны анық. Жастардың бос уақыттарында, әсіресе, ата-аналары жұмысқа кеткен кезде қандай ортада болатынын білу де аса маңызды. Өйткені, ортаның ықпалы зор. Ең бір өкініштісі, бүгінгі жастар аз-кем қиындықтың өзіне төзімділік таныта қоймайды, еңбекқорлық ілуде біреуінің ғана бойында бар. Басым дені қызметтік лауазымға, иен байлыққа бірден қол жеткізгісі келеді. Мінездерінде менмендік басым. Оларды кішкентайынан жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу мәселесін «жылы жауып» қоюымыздың «жемісі» бұл да. Әке-шешелері жақсы қызметте істейтін, бай, қуатты отбасында өскен жастардың дүниетанымы, өмірге көзқарасы өзге құрдастарынан өзгешелеу қалыптасатыны жасырын емес. Олар өз жағдайларының осылай болуын «тектік ерекшелігіміз» деп те түсінеді. Ата-аналар көп жағдайда оқушылардың оқу-тәрбие мәселесін мектепке аударып қойған. Ал педагогикалық ұжымдар ата-аналармен, оқушылармен жұмысты тиісті деңгейде атқармайды деуден аулақпыз. Мектеп қабырғасында және сабақтан тыс уақыттарда оқушылар тарапынан орын алатын келеңсіздіктерді анықтауда сергектік танытқан жөн. Жастар бойында кездесетін ұлттық болмысымызға тән кішіпейілділік пен ізеттілік қасиеттерін менмендік, өзімшілдік секілді зиянды дағдылар алмастырмасын деп тілейік. Жалпы, бізге қоғамдық тәрбие ауадай қажет-ақ.
Айтмахан ТЫШҚАНБАЕВ, зейнеткер ұстаз.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді