Ассамблеяның жиырма жылдығына арналған іс-шаралар легі еш толастамауда. Республикадан бастау алып, ауданның әрбір ауылын қамтыған шаралардан бастап, көптеген мекеме, ұйымдарда өткізіліп жатқан бағдарламалардың бағыты да сан алуан. Жыл басынан бері облыста осындай 100-ден аса мерекелік шара ұйымдастырылған екен. Ол мерекелік концерттен бастап, нақты қайырымдылық істерге дейін ұласады. Ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған мерекелік концерт бұл бастамалардың бастауы болған. Сонымен қатар, республиканың барлық аймағын аралаған «Тайқазанның» Жамбыл жеріне келуіне орайластырылған жоспарлар жүзеге асып, ол баспасөз беттерінде жарияланып жатты. Ал этномәдени бірлестіктер мүшелері мен студенттердің «Қан орталығына» барып донор болғанын қайырымдылық шараларының бірі ретінде атауға болар. Ассамблея мүшелері, сонымен қатар, қарттар мен мүгедектерді де назардан тыс қалдырмай, оларға арналған арнайы интернат үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Нақтылы кезеңде де облыстың барлық аудандары мен қалаларында Ассамблея жылына арналған түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Сергей Кислов, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді