Халқымыздың қырандары
Ауылының биіктеткен мәртебесін,
Жігітті қалайша ел нар демесін.
Суғарып саябағын ата жұрттың,
Сүйреген жүрегімен ар кемесін.
Тағдырдың бұзып талай тар қамалын,
Шырқаған Ақтоғанда арман әнін.
Бойынан Мейірханның бұрқырап тұр,
Аңқыған жусан исі сардаланың.
Тер төгіп арыстандай арпалысқан,
Көрмейсің азаматты қалтарыстан.
Сынаптай сусымайтын сын сағатта,
Сүйегі асыл жансың самғап ұшқан.
Жер тарпып тізгін жібін жұлқар дәйім,
От шашқан тұяғымен тұлпардайын.
Үнемі өзіңді өзің қамшылайсың,
Ұясын шыңға салған сұңқардайын.
Кеудеңе күмбірлетіп күй күмбірін,
Парасат өлкесінің жидың гүлін.
Тізеңді бүкпей еңбек еткеннен соң,
Алғыстың ақ шапанын кидің бүгін.
Аймақтың үлгі алсын ұландары,
Атағың өрлей берсін бұдан да әрі.
Ұлтым деп, қазағым деп бәйек болған,
Көбейсін халқымыздың қырандары!!! Шырын Мамасерікова. Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді