
Шаһарымыздағы «Олимпик» спорт кешенінде 1998-1999 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Ұлттық спорттың мерейін асырған сынға еліміздің 14 облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан жарысқа 16 салмақ дәрежесінде 400-ге жуық спортшы қатысып, боз кілемде кім мықты екенін өзара анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша қарсыластарынан анағұрлым мықты болған біздің облыстың командасы жалпы есепте І орынды, Оңтүстік Қазақстан облысының командасы ІІ орынды, Қызылорда облысының жасөспірімдері ІІІ орынды иеленді. Ұлдар арасындағы сында да, қыздар арасындағы бәсекеде де облыстың жас қырандары қарсылас шыдатпай, жүлдені күреп алды. Бұл қазақ күресінің Жамбыл жерінде айрықша дамығанының көрінісі болса керек.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Корольдік клуб ірі жеңіске жетті
- 2 қазан, 2025
Ақтауда Mangystau International Tourism Forum басталды
- 25 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді