Облыстық «Ақ жол» газетінің биылғы жылғы 19 қаңтар күнгі № 11 санында «Айтайын дегенім...» айдарымен жарық көрген «Автобустар бар, аялдамалар жоқ» атты мақалада айтылған мәселелер «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаралып, талқыланды. Аталған мақалаға байланысты мына төмендегі жайды мәлімдейміз. Бүгінде Тараз қаласы бойынша 243 аялдама бар. 2013-2014 жылдары 123 аялдама жаңартылды. Сонымен қатар, биыл Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы мерекеленуі қарсаңында қалада қосымша 45 аялдама жөндеуден өткізіледі деп күтілуде. Оның ішінде жоғарыдағы мақалада аталғандай шеткері аумақтарда да аялдамалар салу қарастырылған.
Қадірбек ДЕМИДБАЕВ, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Төрт түлікте табыс та, береке де бар
- 16 қыркүйек, 2025
Биылғы күзде әскерге қанша адам шақырылады?
- 14 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді