Ата Заң - ел айбыны

Ата Заң - ел айбыны
ашық дереккөз
Ата Заң - ел айбыны
Қордай аудандық кітапханасында еліміздің бас құжаты – Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл толуына орай «Ел дамуының негізі – Конституция» тақырыбында басқосу өтті. Шараға елуге жуық адам қатысты. Басқосу барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бөлім басшысы Сұлтан Омаров, орталықтандырылған кітапхананың өкілі Айгүл Мақашевалар «Ата Заң – жарқын істердің бастауы», «Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан Конституциясы» тақырыптарында толымды баяндамалар жасады.

Залға жиналғандар Конституцияның елдің дамуындағы маңызды рөлін барынша терең талдап, таразылап айтып, мәніне терең үңілді. Соңыра шараға қатысушылар елімізде кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауына жұртшылықты бір кісідей қатысып, белсенділік көрсетуге шақырды. Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар