Мерекелік көңіл-күй
Қалалық Абай атындағы орталық кітапханада «Аспаннан нұр жаудырып келді Наурыз» тақырыбында этномерекелік шара болып өтті. Оған жетпіске жуық оқырман белсенді түрде қатысты.
Шара барысында жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт Наурыздың елге жеткенін, қауымның қалай тойлайтынын хабарлап, баяндап отырды. Тойдың қалай басталатынын да әсерлі жеткізді. Кітапханашылар Айжан Ордабаева, Гүлнұр Нұрпейісовалар жыл басы туралы баяндамалар жасады. «Жыл мезгілі» атты көрініс те назарға ұсынылды. «Нұр сепкен Наурыз» кітап көрмесі көптің көңілінен шықты. Нұркелді Ортай, Азиз Махамбет сынды балғын оқырмандар жырдан шашу шашты. Әсем әндер де шырқалды. Соңыра шараға қатысушылар кезектен тыс Президент сайлауына бір кісідей қатысу керектігін де тілге тиек етіп, жүректерге жеткізді.
«Ақ жол – Ақпарат».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан – Италия: ынтымақтастық бағыттары айқын
- 2 қазан, 2025
Ел экономикасын жаңа деңгейге көтеруге сеп болатын сапарлар
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді