Ортақ мерекені бірге тойлайық
Наурызды әдетте түркі халықтарының мерекесі деп дәріптеп жатады. Алайда, бүгінде бұл мерекенің мәні мен маңызы күллі қауымға ортақ. Әсіресе, өмірін Қазақстанмен байланыстырған барлық ұлттың өкілі Жаңа жыл саналатын Ұлыстың ұлы күнін ұлықтап үйренген.
Біз татулығы мен бірлігі жарасқан Қазақстанның азаматтары бұл күнді асыға күтетініміз рас. Молшылық пен берекенің бастауы болған мерекеде халықтар арасындағы достықтың да нығая түсетініне көз жетті. Біздің білуімізше, қазақтар бұл күнде тіпті араздасқан адамдарымен арқа-жарқа араласып, өкпе-реніштері болса кешірген.
Ауылымызда өткізілетін мерекелік шаралардың кезінде біз қазақ халқының түрлі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныс болғанбыз. Әсіресе, дәмі тіл үйіретін, адам ағзасына пайдасы көп наурыз көженің жөні бір басқа. Осындай ұлық мерекенің қарсаңында ұлысты ұйытып отырған ұлтқа тек қана жақсылық тілейміз! Наталья ПАК, кәріс ұлтының өкілі. Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді