Назардан тыс қалмайды
Аудан орталығында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған партия облыстық, аудандық филиалдары саяси кеңесінің мүшелері, аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме, кәсіпорын, мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Саяси кеңес отырысын партияның аудандық филиалының төрағасы Бақытжан Нұркенов ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде белгіленген мәселе шеңберінде отырыста аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Асхат Абдиваитов баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында аудан тұрғындарына ұсынылған мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы баяндап, орталықтың жұмысы туралы мәліметтерді алға тартты. Жиналғандар тарапынан баяндамашыларға ешқандай сұрақтар мен толықтырулар түскен жоқ.
Жиын соңында «нұротандықтар» аудан тұрғындарын алдағы сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды.
Қарлығаш Есбергенова, «Ақ жол».
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан – Италия: ынтымақтастық бағыттары айқын
- 2 қазан, 2025
Ел экономикасын жаңа деңгейге көтеруге сеп болатын сапарлар
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді