«Rola-7» ЖШС ұжымының ұйғарымы
Ауданда әрі облыста жемісті жұмыс істеп келе жатқан «ROLA-7» ЖШС-ында бүгінде 15 ұлттың өкілдерінен құралған 115 адам еңбек етіп жүр. Құрылғалы бергі жеті жыл ішінде серіктестік макарон өнімдерінің түрлерін 20-ға жеткізді. Нарық пен сауда-саттықта көрсеткен үздік нәтижелері мен сапалы өнімдері үшін «Үздік кәсіпкер», «Парыз», «Қазақстан көшбасшысы» сынды бірнеше марапаттар мен сыйлықтарға да ие болды. Кәсіпорын өнімдері бүгінде еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау сияқты ірі қалаларына таралуда.
Басым бөлігі «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылатын ЖШС жұмысшылары жуырда ұжымдық жиын өткізді.
Басқосуда сөз сөйлеген серіктестік директоры «Нұр Отан» партиясының мүшесі Т.Нұрбаев бүгінде елімізде шағын және орта бизнеске деген қолдау жылдан-жылға артып келе жатқанын және соның арқасында жұмыссыз азаматтар қатарының да азайып отырғанын атап өтті.
Одан кейін сөз алған макарон цехының бригадирі Н.Чернышева, ауысым шебері Ж.Чахалова және слесарь Ж.Гатиятулин де директордың сөзін қуаттап, ұжым мүшелерінің бір арнада тоғысқан пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, олар серіктестік ұжымын алдағы сайлауға белсене қатысуға шақырды.
Роза Жақыпбаева. Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді