ЖАСТАР – ҰЛТТАР БІРЛІГІНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
Татулықты ту еткен Жамбылдың жалынды жастары Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай облыстық фестиваль өткізді. «Жастар – ұлттар бірлігінің ұйытқысы» аталатын бұл шарада тек қана жастар бас қосып, өз өнерлері арқылы Отанға деген, осы ұлы Отанды мекен еткен барлық ұлт пен ұлысқа деген құрметтерін көрсетіп, қошемет білдірді. Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты «Жастар орталығының» басшысы Е. Әмірбеков фестивальдің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі жастардың бірлігі мен татулығы болашақтағы елдер мен мемлекеттер арасындағы татулықтың бастауы екенін атап өтті.
Елбасының «Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болу керек» деген сөзін басшылыққа алған жастар бойындағы бар күш-қайратын елді көркейтуге, Елбасының саясатын адал ниетпен жүргізуге және татулықтың туын мәңгі биік ұстауға үндеді.
Түрлі этномәдени бірлестіктер өкілдері мен белсенді жастар ән мен биін, ұлттық өнерін паш еткен бұл фестивальде барша жастың көкірегін патриоттық сезім кернеп, елге деген құрметтің еселене түскені сөзсіз.
«Ассамблея жылы – тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігі мен келісімінің жылы; халқымыздың ынтымағы мен берекелі бірлігінің жылы; қол жеткізілген келісімдер жылы; баршамыздың бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтатын тәуелсіздіктің ұлы рухы асқақтайтын жыл!» деген ұранмен тарқасқан жастар бірліктен асқан байлықтың жоқ екенін ұқтырды.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Тараз қаласы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді