Лариса Лысова, «Нұр Отан» партиясы ХVI съезінің делегаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін үстіміздегі жылғы сәуір айының 26-сы күні Республика Президенттігіне кандидат етіп еліміздің қазіргі Мемлекет басшысын ұсынған «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде Елбасы сөз алып, съезд делегаттарының көкейіндегісін дөп басқан бес институттық реформаны жүзеге асыру қажеттігін алға тартқан еді. Соның төртіншісі — нәсіліне, этностық шығу тегіне, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан еліміздің барлық азаматтарының құқықтық теңдігіне кепілдік беретін республикамыздың Конституциясының талаптарына толық сәйкес келетін «Болашағы біртұтас ұлт» құру мәселесі. Елбасы бұл ретте азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажеттігіне тоқталды. Мәңгілік Ел идеясын іске асыру үшін барша қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық құндылықтарды — құқықтың үстемдігін, мемлекеттік дәстүрлерді, қазақстандық құндылықтарды өздерінің этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары қоюлары керектігін атап көрсетті. Еліміздегі өзара келісім және бейбітшілік жағдайында өмір сүріп жатқан 17 конфессияның, соның санатында ислам, православие және протестанттық сияқты ірі діни ағымдардың өзіндік ерекшеліктері туралы айта келіп, конфессиялардың алдағы уақытта да қазақстандықтарды біріктіретін күш ретінде елдегі бейбітшілік пен рухани келісімді орнықтыруға, қоғам мен экономиканы дамытуға, мемлекеттілікті нығайту ісіне қызмет етуі тиістігі туралы ашып айтты. Съездің өзге делегаттары сияқты мен де Нұрсұлтан Әбішұлының партия съезінде «Тілдердің үштұғырлылығын — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту — қоғамды топтастырудың, оның бәсекеге қабілеттілігі өсімінің кепілі» деп айтқан ой-тұжырымымен толық келістім. Өзіміз таңдау жасап, Республика Президенттігіне кандидатурасын ұсынған Ұлт көшбасшысының «нұротандықтарға», солар арқылы бүкіл Қазақстан халқының назарына ұсынған келешекте жүзеге асуы міндетті, елімізді өркендету жолындағы халықтық мәнге ие бес институттық реформаның өзі-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу және Мемлекет басшысының орынтағына «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевты кандидат етіп ұсыну жөнінде бастама көтерген Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі қадамының соншалықты дұрыс болғандығын көрсетсе керек.
Тараз.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді