Қызылордалық Стив Джобс тоғызқұмалақтың электронды нұсқасын ойлап тапты (видео)
- author «Ақ жол»
- 11 наурыз, 2015
- 544

Сыр бойылық жас программист тоғызқұмалақтың электронды нұсқасын ойлап тапты. Енді кез-келген компьютер пайдаланушы ұлттық ойынды 3D форматында еркін ойнай алады.
Бағлан Төлеубай дарынды балаларға арналған №4 мектептің 11 сынып оқушысы. "Жастар компьютер мен телефонға үңілген заманда тоғызқұмалақтың электронды нұсқасын шығару қажет" деп таптым дейді ол. Ал ғаламтор арқылы танысқан шетелдік құрдастары қазақтың төл ойынын ойнағысы келетінін айтыпты. Осыған орай қазір Бағлан тоғызқұмалақты басқа да тілдерде сөйлетуді жоспарлап отыр.
"Әр түрлі ұлттың адамдары маған осындай жасап берші деп ұсыныс айтқан болатын. Өйткені, осы тоғызқұмалақ ойынына үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта бұл жоспарда бар. Және де ол жасалады", - дейді оқушы.
Тоғызқұмалақ - тұнып тұрған математика. Жұп сандар мен тақ сандардың тартысы. Ұлттық ойын есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруге, жылдам ойлауға ықпал етеді. Инновациялық идеяны жас дарынның жанындағы достары да ерекше қабылдап отыр. Электронды ойынның авторы алдағы уақытта анимациялық студия ашып, қазақ ертегілері мен аңыздарын да әлемге паш етуді мақсат етіп отыр. Бағланның тағы бір бастамасы өзі оқитын білім ошағының виртуалды көшірмесін жасау.
Ақпарат көзі nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Антқа адалдық пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді
- 14 қазан, 2025
Он мың түп қарағаш егілді
- 14 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді