Бірлігі мықты елдің ұтары көп

Бірлігі мықты елдің ұтары көп
ашық дереккөз
Бірлігі мықты елдің ұтары көп

22Өмірбек Әбдікерімов, зейнеткер.

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дейді. Бұл сөздің ақиқатын уақыт дәлелдеген. Көргені мен көкейге түйгені көп аға буынның жастарға берер тәлімі мол. Осы тұрғыдан алғанда, өскелең ұрпаққа айтарымыз – бірлігі мықты елдің ұтары көп. Сондықтан болар, Президент сайлауының 26 сәуірге нақтыланғаны туралы хабарды естігенде қуандық. Халқымыздың осындай жауапты кезеңде ауызбіршілік танытқанына, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасына жан-жақты қолдау көрсеткеніне сүйсіндік. Теледидардан қазір әлемде болып жатқан неше түрлі жағдайлардан құлағдармыз. Еліміз сондай қиын кезеңді бастан өткергенін қаламаймыз. Қазақстан қаржылық ахуал, нарықтық, экономикалық қиындықтарға дайын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарысқа қарсы күреске негізделген. Ұлт көшбасшысының сара саясатының арқасында халқымыз кез-келген қиындықтарды жеңіп шығатындығына шүбәсіз сенеміз. Мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамаға көпшіліктің қолдау көрсеткені де сондықтан. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тұрғындар тілегіне құлақ асады деген сенімдемін. Біз Елбасымыздың алдағы сайлауға өз кандидатурасын ұсынғанын құптаймыз. Кемеңгер басшымыздың арқасында әлемге танылып жатқан қазақ халқы 26 сәуір Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күнінде жұртшылықты бір кісідей үлкен науқанға атсалысуға шақырамын.

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар