Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі айтыскер ақыны жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы Ұлбике Жангелдіқызының туғанына 190 жыл толуына орай «Таңдайында өлеңнің ұясы бар» атты әдеби кеш өтті. Кешке арнайы кітап көрмесі жасалды. Оған Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттері қатысты. Шараны кітапхананың Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Қарлығаш Тастемірова мен осы бөлімнің кітапханашысы Жанерке Әбиева жүргізді. Олар Ұлбике Жангелдіқызының ғұмырында үлкен мұра қалдырған айтыс өнерінің ХІХ ғасырдағы дүлдүлі, қайым айтыстың асқан шебері болғанын түрлі ғылыми тұжырымдармен дәйектеп берді. Ақынның айтыстарының ішінде ең сүбелісі саналатын Ұлбике мен Күдері қожа айтысынан үзінді көрсетілді. Ұлбике ақын рөлін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Мақпал Сүйінбай сомдады. Ал Күдері қожа рөлін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Сәбит Мұхамедияров нанымды алып шықты. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Нұршат Ерсайын Ұлбике ақынға арнаған арнауы мен ақын Күләш Ахметованың Ұлбикенің соңғы монологын мәнерлеп оқып, оқырмандардың жүрегінен жол таба білді. Кітапханашы Назира Жаңабаева ақынның «Ұлбике» кітабына шолу жасап, кітап көрмесімен таныстырып, ақынның өмірі мен шығармашылығын айшықтайтын басылымдары, өлең-толғаулары, айтыстары туралы терең мағлұмат берді. Кешті кітапхана директоры Э.Абдинова корытындылап, қатысқан оқырмандарға алғыс айтып, мақтау грамоталарын тапсырды.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Барлық қолдау – халықтың игілігі үшін
- 24 қазан, 2024
Түркия – медициналық туризмде бесінші орында
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді