Мен саған ғашық болғам
Түнді түріп оянатын тұнжыр бақ Тек сенде – бар сұлулық асып толған. Нұр шашатын наз күлкіңнен күнді ұрлап, Мен саған ғашық болғам.
Бұл жалғыздық маған құшақ жаяды-ақ Кеудемде арнасынан тасыпты арман. Кірпігіңнің көлеңкесін саялап, Мен саған ғашық болғам.
Жүрегімді жүдетпейтін жаз үміт Қолын бұлғап тұрғандай қашық жолдан. Жанарыңа жыр болып та жазылып Мен саған ғашық болғам...
Әлімжан Шөңгербай, студент.
Қос тағдыр
Қос тағдырда болмаса егер қиғаштық, Сезім отын тұтатады сыйластық, Содан бастап қиял баурап бір нәзік, Көңілдерде оянады қимастық.
Бір жүрекке қалған болса тұрақтап, Ғашық жандар жүре алмайды жырақтап. Алғы күнге бағыт болар бір арман, Оңайлықпен қона салмас бірақ бақ.
Алқынады, талпынады сол үшін, Әлдекімдер созса-дағы қол ұшын. Бақыт үшін жанталассын қаншама, Ғашықтарға тағдыр жолы–толы сын.
Арбалмаса сағым қуып, елеске, Жеңіс жолын табады олар егесте. Адалдықты алаулатып жетеді, Шын ғашықтар бақыт атты белеске.
Тұралы Мүсірепбеков, Жамбыл медициналық колледжінің мұғалімі.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді