Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге дарып, бойына сіңеді. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша елі биік боласың. Десек те әрбір азамат алдымен туған елінің мемлекеттік тілін білуге міндетті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бейжай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген болатын. Қазақ тілі – өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтерер пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің қуатты қаруы. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады. Дағыстанның әйгілі ақыны Расул Гамзатов: «Ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын» десе, орыстың атақты ақыны К.Ушинский: «Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын, тарихы бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз» – деген. Қазақ тілі – мемлекеттік тіліміз. Ол осы елде өркендеп, дамуы тиіс. Оны елдің әрбір азаматы көзінің қарашығындай қорғап, мәртебесінің биіктеуіне барынша үлес қосуға міндетті. Ал тіл – мемлекеттің ең қымбат қазынасы екенін ескерсек, мұның маңыздылығы мен құндылы арта түседі.
Анар Тленшиева, Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясының ұстазы.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді