Жас жүзушілер сынға түсті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Таразда жүзуден жасөспірімдер арасында қалалық ашық біріншілік болып өтті. Ашық додаға әр жылдары туылған жасөспірімдер қатысып, бәсеке көркін қыздырды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков сөз алып, бір тудың астына біріккен барлық ұлт өкілдерін айтулы датамен құттықтады. Жарысқа қатысушы жеткіншектерге сәттіліктер тіледі. Жүзуден спорт ардагері Людмила Кузьмина да сөз сөйледі. Ынтымағы жарасқан елде ғұмыр кешіп жатқан барша ұлт өкілдеріне баянды ғұмыр тіледі. Жарыс қорытындысында 2003 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында Михайл Силко топ жарса, қыздар арасында Ксения Шезакованың мерейі үстем болды. Өзге де спортшылар жүлдеден тыс қалған жоқ. Барлық жүлдегерлер тиісті марапаттармен марапатталды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді