Дана халқымыз: «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөзді бойына терең сіңіре білген, қашанда қайырымдылығымен ерекшеленген. Осы орайда Шу ауданында да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Соның бір айғағы ретінде жақында №10 Шу колледжінің басшылығы ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасын айтуға болады. Колледж директоры Сағат Ақжолұлы Бұралқиев ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 8 білімгердің әрқайсысына қыстық жылы күртешелер және аяқ-киімдер тарту етіп, олардың болашақта білікті мамандық иесі атанып, еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосатын белсенді әрі беделді азамат болатындықтарына сенім білдірді. Білімгерлер Мансур Гафитулин, Зәуір Жұмабек, Андрей Еремчук, Нұрлан Мұсабек, Сабитжан Болатов, Нұрғали Есеев, Ақбар Мұрат және Нұрғиса Сейсенқұл өз қуаныштарын жасырмай, өздері білім алып жатқан оқу орнының әкімшілігіне, ұстаздарына алғыстарын білдірді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзге немқұрайлы қарамай, ел келешегін ойлап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор бола білгенге не жетсін, шіркін! Мұқтаж жандарға қол ұшын беретін осындай асыл азаматтарымыз көп болғай!
Серік НЫШАНОВ,
№10 Шу колледжі директорының оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Бар ғұмырын білімге арнаған
- 7 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді