Анастасия Слонова күміс жүлде еншіледі
Словакия жолдары қазақ шаңғышыларына олжалы болып тұр. Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Бес шақырымдық спринт жарысында қазақстандық шаңғышы қыз Анастасия Слонова күміс медаль еншіледі.Алтын жүлде ресейлік Оксана Усатованың қанжығасына байланды. Слонова бұған дейінгі жарыс күндерінде де жақсы қырынан көрініп, алтыннан алқа таққан болатын. Ақпан айында Универсиада әрмен қарай Испания елінде жалғасын табады. Бүгінгі күнге дейін талай кіл мықты саңлақтар топтасқан қысқы спорт түрлерінің державасы саналатын елдерден қазақ елі алда тұр. Алдымызда – Ресей Федерациясы. Екі алтын, бір күміс медальды иеленген қазақстандық спортшылардың әлі де өздерін жақсы қырларынан көрсететін мүмкіндіктері мол. Әзірге біздің елдің спортшыларынан биатлоншылар мен шаңғышылардың жұлдызы жанып тұр. Словакиядан кейін Испанияның Гранада қаласына аттанатын жерлестеріміз өзге спорт түрлерінен де медаль алады деген сенім басым. Өйткені,Универсиада 14 ақпанға дейінгі аралықты қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, жарты айға жуық уақыт бар әлі.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Төрткүл дүние – әлем чемпионатында
- 11 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді