
Елбасы Адизес институтының бас директоры Ицхак Адизеспен кездесті. Кездесу барысында институттың Қазақстандағы ірі компаниялармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы басқарудың озық қағидаттарын енгізудің, отандық компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру үшін тиянақты стратегиялық жоспарлаудың маңызды екенін атап айтты. И.Адизес мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілеріне қатысты пікірлерін білдірді. Бұл орайда ол Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін негізгі құрылым болып саналатын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның трансформациялау бағдарламасын әрі қарай жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Starlink ресми түрде іске қосылды
- 17 тамыз, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді