«Таза Қазақстан»: берері мол бастама Байзақта

«Таза Қазақстан»: берері мол бастама Байзақта
ашық дереккөз
«Таза Қазақстан»: берері мол бастама Байзақта
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына байзақтықтар біркісідей атсалысуда. Бүгін Кеңес Одағының батыры Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта өткен экологиялық акцияға облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов және ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Саябақтың аумағы толық абаттандырылып, күл-қоқыстардан тазартылды. Жүзге тарта адам қатысқан шара барысында саябақтағы скверлер мен орындықтар сырланып, ағаш бұтақтары кесіліп, шөптері шабылды. Шара қатысушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін радиоконцерт ұйымдастырылды. Жалпы, тек акция аясында ғана емес аудан көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алып, тұрақты түрде жүруде.

Ұқсас жаңалықтар