Көктем суреті
Қуандық ШОЛАҚ
Көңілімнің төрінен мұң ескен,
Қожыр құз мелшиіп төнеді. Шуақтың нұр түсі сірескен, Қасат қар көбесін сөгеді.
Жасқана қарайды көктен күн, Бұлттардың кемсеңдеп иегі. Ақшуақ, көгілдір көктемнің Сүп-сүйрік саусағын сүйеді.
Керемет күйге орап даланы, Алады жып-жылы жел демін. Бөріткен жусанның балағы Айтып тұр жас көктем келгенін.
Қырлардың көрпесін шұрқ тескен Көшеді керуендей тарғыл бұлт. Тершіген маңдайын сүртпестен, Бәйшешек келеді қарды үңгіп.
Елжіреп, елігіп, саңы ауып, Шуағын шашады бөрте көк. Етектен басталған жаңалық Төске өрлеп барады ентелеп!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




