Өжеттік, сергектік және шапшаңдық

Өжеттік, сергектік және шапшаңдық
ашық дереккөз
Өжеттік, сергектік және шапшаңдық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ішкі істер саласын реформалау мәсе­лесіне айрықша назар аударып келе жатқаны белгілі. Бұл ре­форма түзеу мекемелерінің жай-күйі, сотталушылардың жағ­дайы мәселесін де айналып өтпеді. Жалпы, пенитенциарлық жүйеде қай бөлімнің болса да, өзіне тән жауапкершілігі бар. Ал, мұндағы тәртіптің сақталуын, бақылап-өткізу пункттеріндегі тексеру міндетін мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Тараздағы өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлері талабы қатаң, жауапкершілігі жоғары қызметті мінсіз атқарып келеді. Қысқасы, бұл қызметте өжет, сергек және шапшаң болуың керек. Бұл – бақылаушыларға аса қажет үш қасиет!

Ұқсас жаңалықтар