Киелі кіндік

Киелі кіндік
ашық дереккөз
Киелі кіндік

Ертеректе қазақтар мемлекеттің орталығын, яғни, астанасын кіндік қала деп атаған. Демек, ол – бас қала деген сөз. Ал адам кіндігінің маңызы қандай?

Анасының құрсағында жатқанда бала кіндік арқылы шешесімен жалғасып жатады. Әулие ақын Шәкәрім: Кіндігімді кесіп қиғанда, Анамнан кеттім алыстап, – дейтіні сондықтан. Адам организміндегі ең асыл мүше. Оны жалаңаштап жүру – әсіресе бойжеткен қыз балаға, болашақ анаға шексіз күнә. ...Автобус лық толы. Орындықта отырған сақал-шашы аппақ қудай қария кісінің қарсы алдында тұрған бойжеткен... Жалаңаш кіндік... Адамдар лықсып итергенде, әлгі қарттың аузына барып тіреледі. Сонда ақсақал әлгі қызды дәл кіндігінен түйіп кеп жібереді. – Не болды?! – Найсап! – деді. Бала көрмей өтесің! – деді. Сірә, айтқаны келетін шығар. Мұндай қасіретке ұшырайтын әлгі байғұс қана ма екен? Көп қой! Батыстың имансыз қылығына еліктеген ессіз көбелектер! Тозақ отына күйеді-ау... Соны сезбейді ғой. Қоғам қайда? Ата-ана қайда? Мектеп қайда? Обал болды ғой. Бір кем дүние.

Шерхан Мұртаза.

Ұқсас жаңалықтар