Президент алғыс білдірді
Жуырда республикалық «Қазақ әдебиеті» газетіне жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлының белгілі қаламгер Кемел Тоқаевтың күнделік жазбаларын зерделеген «Соңғы соққы» атты мақаласы жарық көрген болатын.
Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев жазушыға алғысын білдірді. Аталған хатта: «Құрметті Көсемәлі Сәттібайұлы! Сіздің «Қазақ әдебиеті» газетіне шыққан «Соңғы соққы» атты мақалаңызды оқыдым. Әкем Кемел Тоқаевтың көпшілік біле бермейтін күнделігінен үзінділер келтіріп, жазушыны басқа қырынан таныта білген екенсіз. Ізденіспен жазылған мақалаңыз үшін өзіңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Қаламыңыз мұқалмай, шығармашылық жолында толағай табыстарға жете беріңіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін!», – делінген.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Қант қызылшасын жинау жұмысы қарқынды
- 29 қазан, 2024
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді