
Қаламгерлерге қолдау бар
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Жазушылар Одағының Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы, ақын, “Ақ жол” газетінің бас редакторы Хамит Есаманмен кездесті.
Кездесуде аймақ басшысы еліміздің әдебиеті мен журналистикасына еңбек етіп жүрген Хамитті жаңа жинағымен құттықтап, өңір руханияты жайында, шығармашылық адамдарды қолдауға қатысты аз-кем ой пікір алмасты.
Бұған дейін бірнеше жыр жинақтары жарық көрген ақынның жақында ғана Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша "Жаңа қазақ әдебиеті" сериясымен "Фәни-Құбылыс" атты жаңа өлеңдер кітабы қалың оқырманға жол тартып отыр.
Аймақ басшысы Хамит Есаманды жаңа жыр жинағының шығуымен құттықтап, өмірде сәттілік, шығармашылығына жаңа табыс, шалқар шабыт тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді