«Ешкімге айтпаған сырларым»
«Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасының «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Э.Иманалиев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Битенованың жаңа жыр жинағы жарық көрді. «Ешкімге айтпаған сырларым» атты жаңа авторлық жинақ үш мың данамен қалың оқырманға жол тартты. Нәзіксің, сезімталсың,
Тұла бой тұр ма елжіреп.
Сабырсыз төзім талсын,
Тоқтама, жырла, жүрек.
...Әлемге әнің барсын,
Әуелет, жырла, жүрек! – деп алғашқы бетінен шабыттың лебі есіп тұрған, «Алматы-Болашақ» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен басылып шыққан кітапқа ақынның әр жылдары дүниеге келген поэзиялық шығармалары топтастырылған. Тазалық, сыршылдық, ойлылық араласа өріліп жататын шығармаларымен адамзатқа ағынан жарылып сыр айту, тосын тың теңеулер арқылы сәтті шешім қабылдау Үміт Қыранқызының өлең өлкесіндегі басты ерекшелігі екені оқырманға етене таныс. Ендеше, кезекті жаңа жинақта да әлеуметтік әуенге бейім, өлеңмен тіл қатқан сыршыл нәзік сезімдермен тыныстауға болады.
Жинақтың алғысөзінде көрнекті ақын Күләш Ахметова «Мемлекеттігімізге ақ тілеу, асыл үмітпен талпынып жатқан қасиетті өлкенің халқына күнделікті рухани демеу болып жатқан кімдер? Сол елдің өзі. Сол елдің қайсар ұл-қыздары. Сол көптің алдында жүрген Үміттің орны бөлек. Ол – ана, жар, ұстаз, ақын, әнші, сазгер... Дарынды жаратылған қызын елі мақтаныш тұтады», – десе, қабырғалы жазушы Несіпбек Дәутайұлының осыдан жиырма жыл бұрынғы:
«Қор болды жаным ақымақтарға,
Бостығым емес, бірақ бұл.
Сорғалап тамып жапырақтарға,
Мен үшін жаңбыр жылап тұр... – деп жәй өлеңші айта алмайды, бұл ақын жүректің кестесі. Үміт енді осы кестесін жоғалтып алмасын. Біз одан жақсы жырлар күте береміз. Қанат ұшса ғана қатая береді», деген шығармашылық адамына құнды пікірі жазылыпты. Сол секілді талантты ақындар Нарша Қашағанұлы мен Аманхан Әлімұлының да ойлары Үміт ақынның поэтикалық потенциалын айшықтап тұрғандай.
Оқырман қауымға арналған жыр кітабының көпшіліктің жүрек төрінен орын аларына сенім білдіре отырып, ақын, әріптесіміз Үміт Битенованы кезекті шығармашылық жетістігімен құттықтап, шалқар шабыт тілейміз.
Ақынның ешкімге айтпаған сырларымен танысуға асығыңыз, құрметті кітапсүйер қауым!
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді