Әкім ақынға сәлем берді
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жұмысқа қауырт кіріскеннен бастап, игі істердің қасында жүр. Өңір басшысы руханиятқа да оң көзбен қарайтынын байқатты. Жақында өңірдегі ақын-жазушы, ғалым, өнер шеберлерімен кездескені де белгілі. Қарттар күні қарсаңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облысқа белгілі, елге еңбегі сіңген ардагерлердің шаңырақтарында болып, арнайы құттықтап шықты. Соның ішінде елімізге белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметова да бар. Аймақ басшысы ақынның шаңырағына барып, мерекемен арнайы құттықтады.
Облыс басшысы Ербол Қарашөкеев: «Қоғамдағы әр бағыттың алға басуына, еліміздегі жастар тәрбиесінің ілгерілеуіне қазыналы қариялардың үлесі көп. Мен облыс басшысы болып келгелі өңірдегі белсенді ақсақалдарға сәлем беріп, ақыл-кеңесін тыңдадым. Сіздің де қазақ халқына сіңірген еңбегіңіз үлкен. Қайырбек Асанов ақын ағамызбен бірге шаңырақ көтеріп, үлгілі отбасы ретінде де үлгі болып келесіздер. Сіздің жазған жауһар жырларыңыз – барша қазақ оқырмандарының олжасы. Сізге зор денсаулық тілеймін. Сіздерден жас ұрпақтардың алар үлгісі әлі көп. Мерекеңіз құтты болсын», – деді.
– Осынау елдің анасы болған шағымда мелекетіміздің әр игі қадамына, еліміздегі әр жақсы жаңалыққа қуанамын. Күндіз-түні мемлекеттің өркендеуін ойлап жүрген ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевқа рақмет. Мемлекет басшысының біздің облыс әкімдігіне өзіңіздей іскер, жан-жақты, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін азаматты жібергеніне алғыс айтамын. Облысымыздың экономикалық- мәдени, рухани дамуы бұрыннан да жаман емес еді. Сіз одан әрі өркендетіп, дамытады деген ойдамын. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін, – деді Күләш Ахметова.
Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы ақынның сөзін құрметпен қабыл алып, алдағы уақытта да өңір зиялыларымен кездесіп, облысқа сыйлы қарттардың ақылын тыңдап, ұлағатына құлақ асатынын айтты. Барша өңірге ардақты шаңырақта отырып, отбасы құндылығы, жастардың тәрбиесі туралы да сөз қозғады.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді