Аналарға құрмет көрсетілді
Демографияны көтеру – басты алғышарт. Бүгінде халық санын арттырып, демографиялық ахуалды жақсарту үшін ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде көне шаһар тұрғындарының саны 420 мыңнан асты. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Тараз қаласы бойынша 2010-2022 жылдар аралығында жалпы 2634 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 2316 ана «Күміс алқамен» марапатталды. Былтырдың өзінде 42 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 166 анаға «Күміс алқа» табысталды.
Жақында қала әкімдігінің мәжіліс залында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Ол рәсімді қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил ашып, көпбалалы аналарды құттықтады. Сөйтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 17 шілдедегі №284 Жарлығы бойынша, 3 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 24 анаға «Күміс алқа» табысталды.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді