Саясат
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен келіссөз жүргізді
- author «Ақ жол»
- 18 қыркүйек, 2023
- 554

Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен келіссөз жүргізді
АҚШ, Нью-Йорк, БҰҰ штаб-пәтері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясы аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті.
Келіссөз барысында Президент Финляндияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі және инвестиция көлемі бойынша оның алдыңғы орында екенін атап өтті.
Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайу үшін зор әлеует бар екені айтылды.
Өз кезегінде Саули Ниинистё Қазақстан Финляндияның аса маңызды серіктесі және екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша өзара тиімді ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Тараптар халықаралық саясаттың өзекті мәселелері, соның ішінде БҰҰ-ны реформалау жөнінде де пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Финляндия Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумының негізгі спикерлерінің бірі ретінде Қазақстанға шақырды.
Akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Міндеттерді жүзеге асыру – барша азамат үшін ортақ іс
- 16 қыркүйек, 2025
Көлік-логистикасының дамуы – жүк тасымалын арттырады
- 16 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді