
Экологиялық қауіпсіздік басты назарда
Шу қаласы үшін қазіргі таңда ең өзекті мәселе – қаланың тазалығы, көріктендіру, абаттандыру жұмыстары екені анық. Ал, тазалық жұмысын жандандыру үшін оған қажетті техникалық жабдықтардың санын арттыру негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Жуырда ғана әлеуметтік желіден Шу шаһарының қоқысымен күресу үшін заманауи техникамен жабдықталған көліктер келгенін көрдік. Мән-жайды анықтау үшін Шу қаласы әкімі аппаратына қайырылған едік.
Қала әкімі Елдос Нұралиевтің айтуынша, қаланың аумағы үлкен, аула саны да айтарлықтай көп. Қала ішінде белгіленбеген орындарға қоқыс тастау әрекеттері жиілеп кеткен. Осыған орай, Шу қаласында «GREEN CITY» ЖШС тазалық жұмыстарын жүргізуге ниет білдіріп отыр.
Аталған компания Алматы мен Шымкент секілді мегаполистердің аудандарын да қамтуда. Бұдан бөлек, қоқыс тазалайтын көліктер экологиялық қауіпсіздікке арналған. Дизель отынының иісін шығармайды. Техникалары бейнекамералармен қамтылған. Қоқыс сыйымдылығы 21 текше метр. Әр тұрғын қоқыс үшін ай сайын 1000 теңге төлейтін болады.
– «GREEN CITY» серіктестігі көп күттірмей Қант зауыты, Тоғай шағынаудандарын тазалауды бастап кеткен. Алдағы уақытта компания әр үймен келісімшарт жасау жұмыстарын жүргізетін болады. Келісімшарт әр тұрғынның өз құқықтары үшін міндетті. Компания басшысы қажеттілігіне қарай техника санын арттыратындығын жеткізіп отыр, – дейді Елдос Бекболатұлы.
Қала басшысының айтуынша, бұл 300-ден аса көшесі бар қаланың тазалығын қалыптастыру үшін жасалған қадам. Сондықтан да қосымша күш шақырылған.
Байжан ЕМБЕРДІ,
журналист.
Шу ауданы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жуырда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады
- 15 қыркүйек, 2025
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады
- 14 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді