Ел игілігі – инвестицияда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, инвестициялық жобаларды бұдан былай прокуратура органдары сүйемелдеуі тиіс. Осыған орай, облыстық прокуратура қызметкерлері өңірдің инвестициялық жобалар картасын зерделеу барысында бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Нақтылай түссек, бақылаушы органның өкілдері инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, мониторинг жүргізу мен қалыптастыру тәжірибесінің жетілмегендігіне көз жеткізген. Бұл туралы кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі сараптамалық кеңес отырысында айтылды. Сондай-ақ, басқосу барысында өңірдегі инвестициялық ахуалдың жай-күйі, уәкілетті органдар жұмысының тиімділігі мен инвесторлардың проблемалық мәселелері талқыға түсті. Кеңес отырысына Парламент Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы мен «Қазақинвест» акционерлік қоғамының өкілдері сондай-ақ, кәсіпкерлер қауымдастығының басшылары қатысты. Жиында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров инвесторлардың құқықтарын қорғау мен прокуратураның фронт-офис алаңында туындайтын барлық мәселелерді дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті. Бұдан кейін кеңес қатысушылары өңірдің инвестициялық ахуалы мен тартымдылығын жақсарту, оның ішінде мониторинг нысандары мен әдістерін жетілдіру, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді. Басқосу соңында анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, қазіргі таңда өңірдің инвестициялық жобалар картасында жалпы құны 1,9 триллион теңгені құрайтын 60 жоба бар. Бұл жобалар сәтті жүзеге асырылған жағдайда 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді