«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Батыр аналарға лайықты қолдау

Батыр аналарға лайықты қолдау
ашық дереккөз
Батыр аналарға лайықты қолдау
Өңірімізде көпбалалы ана атанып, демографияға үлес қосып жүрген аналар аз емес. Тараз қаласында да сәбидің күлкісін бақытқа балаған асыл жандар жеткілікті. Оларға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қала аумағында тұратын «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелерін қабылдады. – Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше екпін түсіріліп, барынша назар аударылды. Соның нәтижесінде халық саны бүгінде 19 миллионнан асты. Сүйікті қаламыз Тараздың тұрғындарының саны артып, 420 мыңнан асты. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйел затының орны биік екенін айғақтайды. Елімізде көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болмаған. Ел Президенті, облыс әкімі өздеріңізді назардан тыс қалдырған емес. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір көрінісі іспетті. Облысымызда, оның ішінде Тараз қаласында да батыр аналарға ерекше көңіл бөлініп келеді. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағын тәрбиелеп келе жатқан сіздерге бүгін тағы да алғысымды айтқым келеді, – деді Бақытжан Әмірбекұлы. Сондай-ақ, қала әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 7 маусымдағы №243 Жарлығы бойынша 5 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 12 анаға «Күміс алқа» белгісін табыс етті. Жиында батыр аналар өздеріне көрсетілген құрмет үшін Мемлекет басшысына, облыс, қала басшылығына алғысын білдірді.  

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар