«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

50 жылдан кейінгі кездесу

50 жылдан кейінгі кездесу
ашық дереккөз
50 жылдан кейінгі кездесу
Кезекті оқу жылының аяқталу сәтінде аттестатын алып, қанатын қомдаған жас түлектер алтын ұя мектебімен қоштасып жатса, жоғары білім шаңырағынан студенттер өмірге жолдама алатыны белгілі. Міне, сондай қуанышты сәтте «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы Жамбыл педагогикалық институтын елу жыл бұрын бітірген түлектері оқу орнына жиналды. Кездесуде алдымен бүгінде ортамызда жоқ болса да асыл бейнелері есте қалған, мәңгілік мекенге аттанған ұстаздарымыз бен қатарластарымызды үнсіздікпен еске алдық. Қазір М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті құрамындағы «Ұстаз» институтының оқытушылары мен студент жастары жарты ғасыр бұрын бітіріп кеткен, бүгінде жастары 70- тен асқан ардагерлердің жүрекжарды лебіздерін тыңдап, олардың өмір жолымен танысты, қызықты әңгімелерін ықылас қоя тыңдап, жеткен жетістіктеріне қанық болды. Ортамызда білім саласында айтарлықтай жетістікке жеткендер де көп. Олардың қатарында М.Оспанов атындағы университеттің оқытушысы Зәуре Барлыбаева Алматы қаласында мектеп директоры болған Нұрзия Қазбекова, Қордай ауданында мектеп директоры болған Мехар Джинглиров бар. Олардың еңбек жолдары да қызықты. Түлектер сол кездегі филология факультетінің деканы Жұмажан Оспановты, оқытушылар Э.Сабитованы, Э.Васильенконы, Ф.Сивкованы, Л. Жихареваны, А. Адиловты, кураторымыз Дамира Әбдешқызын сағынышпен еске алды. Менің курстастарым университет музейіне осы 50 жылдыққа арнап шығарылған кітаптарын сыйға тартты. Біздің бұл кездесуімізге қолдау білдірген аталған институттың «орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Лескүл Ибраимоваға, факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Ерғалиевке айтар алғысымыз шексіз.  

Баян БҰРАЛҚИЕВА,

Жамбыл педагогикалық институтының 1973 жылғы түлегі.

Ұқсас жаңалықтар