«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ноғай Ишан кесенесі

Ноғай Ишан кесенесі
ашық дереккөз
Ноғай Ишан кесенесі
Ойық ауылы Көктөбе елді мекеніндегі Ноғай Ишан кесенесінің өз тарихы бар. Кесене шамамен 1920 жылдары тұрғызылған. Ойық ауылының шетіндегі жазық жерде орналасқан. 1950 жылы сәулетшілер мен өзге де ғалымдар, ғылыми орталықтар зерттеген. Кесене күйдірілген кірпіштен соғылған. Екі камералы, екі күмбезді шаршы ғимарат тегіс асқақты күмбезбен жабылған. Ноғай ишан кесенесіне зиярат етіп келетіндер аз емес. Кесене жайлы айтылып жүрген аңыз да көп. Сонау КСРО-ның дүркіреп тұрған кезінде шолақ белсенділер бұл ғимаратты сүріп тастамақшы болады. Сонда арнайы жасақталған тракторлар құрылысқа жете алмай, сына беріпті. Сонда барып белсенділер райларынан қайтыпты. Оны естіген жергілікті жұрт мұндағы қасиетке ерекше сенген. Аталған кесененің басына бір жылдары екі дегелек ұя салған екен. Кейіннен кейбір тұрғындар тарапынан дегелектің бір сыңарына қиянат жасалады. Екінші дегелек шошынып, басқа бағытқа ұшып кеткен екен. Қайтып оралмаған. Бұл туралы Әбиірбек Тінәлінің «Дегелегім» деген керемет әсерлі әні бар. Дегелектің ұясы соңғы жылдарға дейін сақталып тұрды. Бұл да жергілікті жұрттың қасиетті құсқа деген құрметі болса керек. Қазіргі таңда да бұл ғимаратқа келіп зиярат етушілер бар. Кесенені барша көпшілік құрмет тұтады.  

Дайындаған Есет ДОСАЛЫ.

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар