Алтын ұрлап, айыпты атанды
Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына 32 жастағы қала тұрғыны жүгінеді. Азаматшаның айтуынша, орталық көшелердің бірінде белгісіз тұлға оның мойнындағы алтын бұйымын жұлып алып кеткен. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел түрде қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камераларын қарап, 42 жастағы қала тұрғынын ұстайды.
Қазіргі таңда алтын алқа тәркіленіп алынды, күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 191-бабымен (тонау) тергеу амалдары жүргізілуде.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді