Аймақта донор саны артып келеді
Биыл дүниежүзілік қан доноры күніне арналған науқан «Қан, плазма тапсырыңыз, адамдарға өмір сыйлаңыз және оны жиі жасаңыз» ұранымен өтпек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз кеңесінде облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров айтты. Сонымен қатар, орталық басшысы өңірде жыл санап өз еріктерімен қан тапсырушылардың белсенділігі артып келе жатқанын жеткізді. Алдымен Гулам Мұхтарұлы алғаш рет донорлар күні 2004 жылы 14 маусымда аталып өткенін, ал бір жылдан кейін бұл мереке Женевада өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-сессиясында бекітілгенін атап өтті. Одан кейін саладағы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
– Бүкіл әлем 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күнін атап өтеді. «Дүниежүзілік донор күнін» мерекелеу аясында биыл 9 маусымда Тараз қаласының «Mart» сауда- ойын-сауық орталығында салтанатты іс- шара, сондай-ақ, құрметті донорларды марапаттау рәсімі өтеді. Жыл сайын Жамбыл облыстық қан орталығына қан тапсыру үшін 14 000-нан астам адам жүгінеді. Қан донациясы 100 пайыз ерікті негізде жүргізіледі. Облыстық қан орталығы жылына қанның әртүрлі компоненттерінің шамамен 25000 мың дозасын дайындайды. Былтыр жүгінген донорлардың жалпы саны 292 425 адамды құрады, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 4 пайызға көп. 2023 жылы донорларға зертханалық нәтижелер, қан тапсыру мерзімі туралы ақпарат алуға ыңғайлы болу немесе терапевтке донацияға жазылу үшін «Тараздонор» қан орталығының ресми электрондық сайтында «Донордың жеке кабинеті» опциясы орнатылып, жұмыс істейді, кіруді өзінің жеке ұялы телефон нөмірі арқылы жасауға болады. Тәулік бойы қолжетімді, – деді облыстық қан орталығының басшысы.
Баспасөз кеңесінде Гулам Мұхтарұлы алдағы жоспарларды да атап өтіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Нұрсезім ЖАРҚЫНБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті конвергентті журналистика мамандығының 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді