
Шаруаларға жаңа техникалар берілді
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарту» қанатқақты жобасы бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Осы жобаға биыл Сарысу ауданындағы Жайылма ауылдық округі де еніп отыр. Кеше Жайылма ауылдық округінде жаңа құрылған «Nurtileu» ауыл шаруашылығы кооперативіне техника берілді. Кооператив жеңілдетілген несиемен 3 трактор, 7 ауыл шаруашылығы тіркемелерін алған. – «Ауыл аманаты» жобасының екінші кезеңі Жайылма ауылдық округінде іске асырылуда. Округте 573 аула, 3814 адам бар. Жоба аясында жалпы сомасы 925 миллион теңгеге 514 ауланы қамту көзделген. Қазіргі таңда «Nurtileu» ауыл шаруашылығы кооперативіне 3 трактор және 7 қосалқы техника жеткізілді. Алдағы уақытта шаруашылыққа бір комбайн және 9 ауыл шаруашылығы тіркемесі жеткізілетін болады, – дейді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов.
Сарысу ауданында жаңа құрылып жатқан ауыл шаруашылығы кооперативіне барлығы 20 ауыл шаруашылығы техникасын алу жоспарланған. Олардың ішінде 3 трактор, 1 тіркемелі комбайн және 16 қосалқы құрылғы бар.
– Бүгінде ауылдық округте «Ауыл аманаты» жобасы бес бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, үй іргесінде егістік жерлерді игеру, ауладағы мал шаруашылығын дамыту, ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру, жаңа құрылған кооперативті жабдықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін халыққа 2,5 пайызбен несие беріліп жатыр. Кәсіп бастап, мал мен егін шаруашылығын, бақша дақылдарын өсіруге деген халықтың ынтасы жоғары. Жоба бұған дейін енгізілген ауылдық округтердегідей өз тиімділігін береді деген ниеттеміз, – дейді Қайрат Аманов.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс ауқымды, межеленген міндет те көп
- 16 қазан, 2025
Тек таза табыспен жұмыс істейді
- 14 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді