
ҚАЖ қызметкерлері қос бүлдіршінді қуантты
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекеменің қызметкерлері бірқатар бүлдіршінге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары облыс орталығындағы қайраткер Қабылбек Сарымолдаев атындағы балалар үйіне арнайы барып, ондағы тәрбиеленушілердің қуанышын бөлісті.
- Бұл күн балалардың құқығын қорғап, қамқорлық танытып қана қоймай, оларға ерекше қуаныш сыйлайтын мейрам. Жалпы, балаларға көңіл бөлу олардың өзін-өзі құрметтеуге, әлеуметтік ортаға бейімделуіне және жеке тұлға ретінде дамуына өз септігін тигізері сөзсіз, - дейді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.
Айта кетейік, дәл осы №26 мекеменің қызметкерлері аталған балалар үйіндегі қос бүлдіршінді қамқорлықтарына алған. Балалар күніне орай бүлдіршіндерге киім-кешек, ойыншық пен тәттілер үлестірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Нақты нәтиже жоқ
- Бүгін, 01:06
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді