20 жүргізушіге қосымша бензин бактары үшін айыппұл салынды

20 жүргізушіге қосымша бензин бактары үшін айыппұл салынды
ашық дереккөз
20 жүргізушіге қосымша бензин бактары үшін айыппұл салынды
Ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармай материалдарының республикадан тысқары жерлерге шығарылуына жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шараларды өткізді. Шара барысында тәртіп сақшылары тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше назар аударды. Полицейлер рейдтің алғашқы тәулігінде рұқсатсыз орнатылған қосымша жанармай бактарымен жабдықталған 20 көлікті анықтады. Әрбір жүргізуші 15 айлық есептік көрсеткіш (51 750 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болады. Заңсыз қайта жабдықталған көліктер бұзушылықтар жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылды. Аталған құқықбұзушылыққа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 590-бабының 7-бөлігімен (рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) әкімшілік жауапкершілік көзделген.  

Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.

Ұқсас жаңалықтар