Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді

Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді
ашық дереккөз
Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді
Қазақстанда 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы -  «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды Aq jol. kz. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысы барысында айтты. «Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер», деді министр Үкімет отырысында. Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өткізу жоспарланған.
Аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 20-22 маусым аралығында өтеді.
Сондай-ақ қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5-19 маусым аралығында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар