![Қаратаудың қара нары](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2023/05/48f0c046-42fa-4617-9d42-e57f30b2bf34.jpeg)
Аталған филиалдың төрағасы Ахметжан Өзбеков жүргізген іс- шараның жұртшылыққа берер тағылымы көп болды. Ербол Қамбатыров негізі көпшіліктің алдына жиі шыға беретіндердің қатарынан емес. Айтыс сахнасынан кеткеніне біраз жыл болған айтыскерді тыңдармандары сағынып та қалған секілді. Әуелі өмір жолын қысқаша айтып өткен Е.Қамбатыров өзінің қалжыңға бейім мінезіне ерік беріп, жиналған жұртқа жақсы әсер сыйлады.
Жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы рухани інісі жайлы ағынан жарылып сөйлеп, ертеректе қиналып жүрген шағында Ерболдың өзіне арнап жазған өлеңін оқып берді. Ақын Жанат Тұрғымбаев, айтыскер Алик Бекмұсаев, әншілер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков пен Берік Қалиев тамаша ойлар айтты. Алик Қаратайұлы «Ербол мен Үміт Битенова ақындардың жарасымы – жастарға үлгі» десе, Берік Қалиев: «Ерекең кеш өткізіп қана жатқан жоқ, кейінгі буынға өнегесін көрсетіп отыр», деді. Кеш барысында «Тараз» триосы, Берік Қалиев, Мадина Сағымбекова тамаша әндерін тарту етті. Ақын Үміт Битенова да жұбайы жайлы жылы лебіздерін жеткізді.
Кеш соңында Ербол Қамбатыров барлық қонақтарға алғысын айтып, ризашылық білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді