
Отан қорғаушылар күніне орай іс-шара өтті
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының музейінде мерекелік іс-шара өтті. Батырдың бюстіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алған айтулы шараға өңірлік ҚАЖ департаменті мен оған бағынысты мекемелердің басшы және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Салтанатты шарада сөз алған департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев жиналғандарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
- Ер – елінің қорғаны. Тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды әскері Отан қорғау қызметінде өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып келеді. Азаматтарымыз шекара шебін қас қақпай күзетіп, ұлттық қауіпсіздігіміз бен ішкі тұрақтылығымыздың сенімді кепілі болып отыр. Біз осындай жандардың ерлігіне сый-құрмет көрсете отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілейміз. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болғай!, - деді Нияз Қанатұлы.

Ұқсас жаңалықтар
Көпжақты келісімдердің көкжиегі кең
- 1 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді