Күлімдеп күнім, жайқалып гүлім,
Нұрланды оңым, солым да.
Шаттанар күн бұл - бар халық бүгін,
Ақ тілек тұрған ойында.
Хош келдің, Мамыр!
Мейірімді маусым,
Мамыражай жұрттың мейрамы.
Жеткізсін аппақ пейілімді дауысым,
Планеталарға жайдары.
Хош келдің, Мамыр!
Көрікті айым,
Бірліктің берік белгісі.
Ынтымақ, ырыс беріп Құдайым,
Көркейген көптің мәнді ісі.
Хош келдің, Мамыр!
Көркем көктемім,
Достықтың тойы, думаны.
Өрісім кеңіп, өркендеп төрім,
Өрлеген көңіл тулады.
Хош келдің, Мамыр!
Аялдай тұршы,
Айналам тегіс қуансын.
Сарыуайым сорды сояудай бүрші,
Ақжолтай, бәлкім, шығарсың.
Армысың, мамыр!
Арайлым, дер ем,
Мерекелердің сұлуы!
Жымиған жүзбен тарайды сенен,
Жаһанның мәңгі жылуы!
ХОШ КЕЛДІҢ, МАМЫРЫМ!
Үміт БИТЕНОВА
Ұқсас жаңалықтар
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды
- 23 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді