
ҚАЖ қызметкерлері балаларды қуантты
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке қарсаңында өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің қызметкерлері облыс орталығындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арналған орталыққа арнайы барып, ондағы тәрбиеленушілерге тәтті үлестірді. Тәртіп сақшылары бұл күні бүлдіршіндерге мерелік көңіл-күй сыйлап, олар үшін арнайы әзірленген тағамдарды тарту етті. - Мерекеге орай балаларды қуантуды ұйғардық. Әріптестерімізбен бірге шама-шарқымыз жеткенше тәтті тағамдар алып, орталықтың тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тараттық. Орталық қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, мұндағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің тезірек отбасыларын тауып, ең бақытты балалар болып өсуіне тілектестік білдірдік. Әрбір бала бақытты болуға лайықты, - дейді №26 түзеу мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.
Айта кетейік, аталған мекеме қызметкерлері бұған дейін де дәл осы сипаттағы игі іс-шаралардың басы-қасынан табылып жүр.
Ұқсас жаңалықтар
Дүние жүзінде суицид неге жиіледі?
- 18 қазан, 2025
Алаяқтар сізді қалай алдауы мүмкін?
- 18 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді