
Серік Мақұлбекұлы Қалиев
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикаға белгілі ақын Серік Мақұлбекұлы Қалиев үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде дүниеден озды.
Серік Мақұлбекұлы 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Еңбек жолын құрылысшы болып бастағанымен, сол жылдарда жаңадан қолға алына бастаған ұлттық өнер – айтысқа қатысып, облыс атынан шығып, республикалық бірнеше айтыстарда жүлдегер, жеңімпаз атанған. Айтысқа Айтмұханбет Исақов, Мұхамеджан Тазабеков, Айнұр Тұрсынбаева, Ахметжан Өзбеков және тағы басқа шәкірттер тәрбиелеген. Содан бері мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарында қызметтер атқарған. Көркем және деректі фильмдер түсірумен де айналысқан.
С.Қалиев «Хабар» арнасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» және «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Шынның жүзі» атты бағдарламаларды жүргізді. «Ақмоншақ», «Иманым менің – жиғаным», «Алла діні – аманат», «Болашаққа хат», «Ынтымаққа ынтығу», «Ұлтыңды сүйсең...», «Көңіл терезесі», «Жерұйық», «Жақсы адамдар», «Біз әлі кездесеміз» атты жыр жинақтары мен мақал, ғибратты әңгімелер құрастырған.
Марқұмның жарқын бейнесі мен артында қалған мұралары мәңгілік жадымызда.
Серік Мақұлбекұлының бұл фәниден бақилыққа, мәңгілік сапарына аттануына байланысты отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз.
Жамбыл облысының әкімдігі, облыстық мәслихат, облыстық Қоғамдық кеңес, облыстық ардагерлер кеңесі.
Ұқсас жаңалықтар
Таластықтар ақынын төрге шығарды
- 14 қыркүйек, 2025
Меркідегі орталық базар көшедегі дегелі көп болды...
- 14 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді