Ұстазға құрмет
Бірер жыл бұрын, дәлірек айтсам 8 наурыз мерекесінің қарсаңы еді. Ақын, ұстаз Райхан Мәселбековамен кездесіп қалдық. Бірге туған ағаларыммен замандас бұл кісіге құрметім ерекше болатын. Дәмге шақырып едім, «Ұстазымды ертіп барсам бола ма» деді. Келістім. Райхан әпкем асықпады. Дәмхананың алдындағы гүл сататын дүкеннен ұстазына арнап 15 мың теңгеге букет гүл жасатты. «Өзің қиналып қалмайсың ба? Осынша ақшаға гүл жасатып...» дей беріп едім, «Ұстазға мұндай құрмет аздық етеді. Әсіресе, менің Сейсекүл ұстазыма» дегені. Бір қызығы сол, Сейсекүл Исматова университетте бізді де оқытқан, менің де ұстазым.
Ұзақ күттіріп, Сейсекүл апай келді. Райхан бума гүлді ұсынғанда ұстазы құшырлана иіскеп, «Қандай әдемі гүл!» деді. Осы сәт мен «Ізетіңді осылай бағалай алатын ұстазға қанша құрмет көрсетсең де артық емес екен-ау» деп ойладым. Ал Райханның құрметі – үлкен құрмет. Бәрімізде де ұстаз бар.
Білімнің нәрін берген, бойындағы асыл құндылықтың бәрін берген мұғалімдерді ұмытып кетіп жатқан жоқпыз ба? Бір бума гүл, бір жылы сөз, бір минут уақыт тауып құттықтау – көңілден қымбат емес қой.
Соны түсінген ақынға риза болғаным рас. Ұстазының қадірін білетін Райхан секілді ізетті шәкірттер де азайып барады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Қант қызылшасын жинау жұмысы қарқынды
- 29 қазан, 2024
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді