Саясат
Мемлекет басшысы «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2023
- 628
Мемлекет басшысы «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады
Президентке «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Агенттік қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау шараларына, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары – Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешілген.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Хабар» Агенттігін» техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
- 18 желтоқсан, 2025
Тоқаев Ашхабадта өтетін халықаралық форумға қатысады
- 12 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




